Бұл туралы Үкімет кулуарында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Қазіргі таңда біз 2 ірі жобамен айналысып жатырмыз. Алматы облысындағы олимпиадаға даярлау орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл олимпиадалық 23 спорт түрі жаттығуға арналған бірінші орталық болады", - деді ведомство басшысы.
Асхат Оралов елордадағы және Алматы облысындағы республикалық олимпиадаға даярлау орталықтарының құрылысы ұзаққа созылғанын атап өтті.
"Қазіргі таңдағы басты міндеттің бірі – орталықты (ред. – Алматы облысындағы олимпиадаға даяралау орталығы) пайдалануға беру. Бір уақытта мұнда 2300 спортшы жаттыға алады. Оларға шетел асып та керек емес. Осылайша өзімізде инфрақұрылым пайда болады", - деді ол журналистердің сауалына берген жауабында.
Министрдің айтуынша, Алматы облысындағы нысан осы жылдың аяғына дейін ашылады.
"Астанадағы орталық құрылысының аяқталуына әлі бірнеше жыл керек", - деп түйіндеді ведомство басшысы.