Елордадағы оңалту орталығында ерекше баланы ұрып-соғу фактісі анықталды

527

Аталған факті бойынша қажетті сараптама тағайындалды.  

Елордадағы оңалту орталығында ерекше баланы ұрып-соғу фактісі анықталды Фото: azattyq-ruhy.kz

Бұл туралы inbusiness.kz Астана қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

"3 мамырда сағат 19:48-де полицияға 6 жасар ұлына қаланың оңалту орталықтарының бірінде жасалған қатыгездік фактісі бойынша елорда тұрғыны арызбен жүгінді. "Алматы" аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" айыбымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу