Елордадағы өрт сөндірілді

726

Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен ауданы 60 шаршы метр болатын өрт сағат 19.10-да ауыздықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы қалалық ТЖД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Елордадағы өрт сөндірілді

ТЖД-ның хабарлауынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бүгін сағат 18.33-те Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37/10 мекенжайында орын алған өрт орнына жеке құрамның 44 адамы мен 11 техникасы құрамында жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты.

"Алдын ала ақпарат бойынша "Қазақмыс" ғимараты шатырының және сыртқы қаптамасының  жануы орын алды. Шақырту орнына өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін дереу жетті. Қазіргі уақытта барлау жұмыстары жүргізілуде" делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу