Елордадағы Орталық стадион сүріледі

816

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Елордадағы Орталық стадион сүріледі

Нұр-Сұлтанда Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадион сүріліп, орнына жаңасы салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өткен жылдың жазында стадион апатты жағдайда деп танылды. Қазіргі уақытта жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізіліп, эскиздер жасалуда. Стадион толығымен бұзылады, оның орнына жаңасы бой көтереді, деп хабарлады әкімдіктен.

12 250 көрермен сиятын стадионға 1986 жылы аты аңызға айналған палуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың есімі берілді. Стадионда алғашқы футбол матчы 1964 жылы 14 мамырда өтті. Оны қайта құру 1998 жылы жүргізілді. 1998 жылы 10 маусымда стадионда Қазақстан астанасының ашылуы болды. 2000 жылы стадионда алғаш рет футболдан Қазақстан кубогының финалы өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу