Елордадағы өрттен 20 жастағы жиһаз цехының қызметкері зардап шеккен

768

Елордадағы "Астықжан" сауда орталығындағы өрттен 20 жастағы жиһаз цехының қызметкері зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Елордадағы өрттен 20 жастағы жиһаз цехының қызметкері зардап шеккен

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабар таратты.

"Өрт сөндіру барысында "Универсал" жиһаз цехының 2001 жылы туған қызметкері зардап шеккен. Қазір ол қыз Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді, жағдайы орташа дәрежеде", - деп жазылған ресми мәліметте.

Еске салсақ, бүгін таңертең Елордадағы "Астықжан" сау орталығының жиһаз салонынан өрт шықты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу