Елордадағы проблемалы нысандарды аяқтауға 14 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді

1074

Қаражат Ұлттық қордан бөлінді.

Елордадағы проблемалы нысандарды аяқтауға 14 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді

Астанада 3 мыңнан астам үлескер баспана алады. Құрылы тоқтап тұрған нысандардағы дұмысты "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының несиелік қаражаты есебінен "Елорда құрылыс" жандандырмақ. Бұл туралы Қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның басшысы Уәлихан Досаевтың айтуынша, 3 мың 78 үлескерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін құрылысты аяқтауға келісім жасалған. Бұл Астанадағы үлескерлердің үштен бір бөлігін құрайды.

Елорданың проблемалы нысандарының құрылысын аяқтауға барлығы 14 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Қаражат Ұлттық қордан бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу