Елордадағы QalaQyzmet орталығының мекенжайы өзгерді

450

Коммуналдық қызметтермен шарт жасасу бойынша халыққа қызмет көрсете бастайды.

Елордадағы QalaQyzmet орталығының мекенжайы өзгерді Фото: Астана әкімдігі

2024 жылдың 1 ақпанынан бастап QalaQyzmet менеджерлері жаңа мекенжай бойынша коммуналдық қызметтермен шарт жасасу бойынша халыққа қызмет көрсете бастайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Астана әкімдігінің мәліметінше, 1 ақпаннан бастап бұл қызметтер Сәкен Сейфуллин көшесі, 27 мекенжайы бойынша көрсетілетін болады.

Қабанбай батыр көшесі, 33 мекенжайында орналасқан филиал штаттық режимде жұмыс істейді.

QalaQyzmet орталығының фронт-кеңсесі сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Барлық сұрақтар бойынша 57-89-63 нөміріне хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу