Елордадағы Сарыбұлақ өзені апатты жағдайда. Мұны қала басшысы Алтай Көлгінов Фейсбуктегі жеке парақшасында жазып, суреттерін жариялады.
"Өзеннің ұзындығы 2,5 шақырым. Өзен арна бөлімдерінің біріне жобалық-сметалық құжаттама 2013 жылы қабылданған, бірақ әлі күнге дейін құрылыс жүргізілмеген",– деп жазды ол.
Тіпті өзеннің бойындағы ахуал экологиялық апатқа әкелуі мүмкін екен.
Енді өзен арнасын ретке келтіру үшін есептеу жүргізіліп, қосымша қаржы бөлінбек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу