Елордадағы шулы оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалды

115

Ер адам сатып алушы кейпінде Астанадағы дүкендердің біріне барған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елордадағы шулы оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалды Фото: видеодан алынған кадр

Ерлерге арналған аксессуарларды қарап, сөмкелердің бірін таңдап, оны пакетке салып, сауда залынан шығып кетпек болған.

Алайда оның әрекеті сатушының назарынан тыс қалмады.

Күдіктіні байқап қалған сатушы оны тоқтатып, пакетінің ішін көрсетуді сұраған. Осы кезде жігіт қашуға тырысқанымен, сатушы қыз оның артынан жүгіріп, қуып жеткен.

Тауарды қайтаруды талап еткенде, күдікті кеңсе пышағын алып, бутиктің қызметкері мен араша түспек болған адамды қорқытқан. Осыдан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен. Қыз бірден полицияға хабар берді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері "ізін суытпай" 27 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұрын да сотталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу