Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тілсіз жауға қатысты 3 шақырту дәрежесі белгіленіп, өрт сөндіру есептерінің келіп жетуі кезінде 4 қабатты сауда үйдің ең жоғарғы 4-ші қабатында орналасқан сауда бутиктерінің өртеніп жатқаны анықталған.
Өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 жауынгерлік учаскеге бөлінген. Қазіргі сәтте өрт орнында елордалық ТЖД-ның 19 бірлік техникасы және жеке құрамның 71 адамы жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу