Елордадағы тұрмыстық қалдықтарды өңдеу кешеніне күніне 950 тонна қоқыс түседі

975

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласында мемлекеттік бағдарлама әзірленетін болады.

Елордадағы тұрмыстық қалдықтарды өңдеу кешеніне күніне 950 тонна қоқыс түседі

Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен бірге тұрмыстық қалдықтарды өңдеу кешеніне барды.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елордада қоқыс жинаушы 65 компаниядан тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін бұл кешенге күн сайын 950 тонна ҚТҚ түседі.

Зауыт – қайталама шикізатты қалпына келтіру арқылы қатты қалдықтарды сұрыптауды жүзеге асыратын, сондай-ақ сұрыпталған пластмассаларды өңдеуге арналған өндірістік нысандары бар қаланың жалғыз кәсіпорны.

Мағзұм Мырзағалиевтің басшылығындағы министрлік қазір мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік бағдарламаны әзірлеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу