Елордадағы жабық базарлар Ashyq-қа қосылады

781

Елордадағы жабық сауда орындары өзге кәсіпкерлік нысандары секілді Ashyq жобасына қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы қала әкімдігіне сілтеме жасап.  

Елордадағы жабық базарлар Ashyq-қа қосылады

Бұл коронавирустың таралу қаупін азайтуға, осылайша қызметкерлер мен келушілерді қорғауға және нысанның қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтанның жабық сауда орындары өзге кәсіпкерлік нысандары секілді "Ashyq" жобасына қосылады. Бұл коронавирустың таралу қаупін азайтуға, осылайша қызметкерлер мен келушілерді қорғауға және нысанның қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді.

Олардың қатарында, мысалы, "Әсем", "Әлем" сауда орталықтары, "Эталон" құрылыс базары бар, сондай-ақ "Шапағат", "Сарыарқа" және өзге де сауда орындары жобаға дайындалуда.

Бүгінде елордада "Ashyq" жобасында 2 200-ден астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Жобаға қатысатын кәсіпкерлер қатысу шарттарын сақтауы тиіс: статусын анықтағаннан кейін ғана келушілерді ішке жіберуі тиіс. Ал мониторингтік топтар нысандардың санитарлық нормаларды және шектеу шараларын сақтағанын жүйелі түрде тексеріп тұрады.

Сонымен қатар, "Ashyq" жобасының арқасында 18 тұрғын "қызыл статусы" (ПТР сынамасы оң нәтиже көрсетті) бола тұра қоғамдық орындарға баруға тырысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осылайша, кәсіпкерлер "Ashyq" жобасының маңыздылығын атап өтті.

"Біз кешеден бері "Ashyq" бағдарламасы бойынша жұмыс істеп келеміз. Жұртшылық арнайы орнатылған тәртіп бойынша кіреді. Кірберісте жиналып тұрмайды. Бүгіннің өзінде келушілер арасында 2 сары,1 қызыл статусы бар адамдар анықталды. Өз тәжірибемізде мұндай үлкен нысанда да осы жүйе бойынша жұмыс істеуге болатынын көрсеткіміз келеді. Нысан қызметкерлері де, келушілер де өзін қауіпсіз сезінуі үшін осы жүйені орнатқанын қалаймыз", — деді "Әсем" СО директоры Нұрлан Нұрмағанбетов.

Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес осы жылдың 2 тамызынан бастап "Ashyq" жобасына қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылатын болады. Бұл тәртіп орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге, құқық қорғау органдарына, денсаулық сақтау ұйымдарына, БАҚ-қа, азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарына қолданылмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу