Елордадағы жалпықалалық сенбілікте 12 мыңнан аса ағаш отырғызылады

1778

Бұдан басқа, 15 қыркүйекте Астана "Дүниежүзілік тазалық күні" халықаралық экологиялық акциясына қосылады.

Елордадағы жалпықалалық сенбілікте 12 мыңнан аса ағаш отырғызылады

Осы жылдың 10 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Астана қаласының аумағында күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша экологиялық айлық  өткізіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылғы 22 қыркүйек күні өтетін жалпықалалық сенбілікке 72 мың адам қатысады деп күтілуде, 2000-нан астам кәсіпорын мен ұйым, 46 жоғары оқу орны мен орта кәсіптік оқу мекемесі, 177 орта мектеп мен жалпы білім беретін мекеме, 58 денсаулық сақтау мекемесі, 146 мемлекеттік мекеме мен ұйымдар және кәсіпорындар, 520 бірлік мамандандырылған техника.

Сенбілікке қатысушыларды қоқысты жинайтын арнайы (күрек, тырнауыш) жабдықтармен, қолғаптармен және қаптармен қамтамасыз етеді.

Жалпықалалық сенбілікке қалалық және республикалық мекемелердің қатысуымен 12 534 жаппай ағаш отырғызуды ұйымдастыру жоспарлануда. Бұдан басқа, 15 қыркүйекте біздің елорда "Дүниежүзілік тазалық күні" халықаралық экологиялық акциясына қосылады, онда әлемнің 150-ден астам елі және 380 млн жуық еріктілер қатысады. Осы акцияның бірегейлігі, акцияны өткізу барысында жиналған барлық қалдықтарды (араласқан қалдықтардан қайталама шикізатты бөлек жинау) сұрыптап, одан әрі қалдықтарды өңдеуге арнайы зауытқа тасымалданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу