Елордадағы жаңа мешіттің металл конструкциясы құлады

1093

Үлкен металл конструкциясы крандарға зақым келтірген. Алайда оқиға орнында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Sputnik Казахстан сілтеме жасап.  

Елордадағы жаңа мешіттің металл конструкциясы құлады

"19 ақпан күніне бас мешіттің құрылысы жұмыстарын жүргізу барысында монтаждалған металл конструкция құлады. (...) Конструкция құлаған сәтте құрылысшылар түске үзілісте болған. Бас мердігер "Сембол құрылыс" компаниясы тергеу жүргізетін комиссия құрады", -деді Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, төтенше оқиға кезінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

"Шақырту түскен жерге өндірістік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері барды", - деп қосты департаменттен.

Айта кетейік, төтенше оқиға орын алған жерден түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Видеолардың бірінің авторы құлаған конструкция екі кранды майыстырғанын айтады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу