Елордадағы жәрмеңкеге Батыс Қазақстан облысы 120 тонна өнім әкеледі

1162

Жәрмеңкеге облыстың 37 тауар өндірушісі қатысады.

Елордадағы жәрмеңкеге Батыс Қазақстан облысы 120 тонна өнім әкеледі

Астана қаласының 20 жылдық мерекесі шеңберінде 18-19 тамыз күндері Батыс Қазақстан облысының жәрмеңкесі болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке Қ. Мұңайтпасов 7 көшесіндегі "Қазақстан" СК көлік қоятын орнында өтеді. 

Жәрмеңкеге облыстың 37 тауар өндірушісі қатысады, олар 79 млн теңге сомасында 120 тонна ауылшаруашылығы өнімдерін ұсынады: еттің барлық түрі, ең ірі республикалық "Кублей" қайта өңдейтін кәсіпорнының 10 тонна консерві бұйымдары, кондитерлік өнімдер, сусындар және тағы басқалары саудаланады. 

Дәстүр бойынша жәрмеңкеде облыстың шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу