Күн сайын қар күреу жұмысына 1,5 мыңға дейін жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
20 ақпан күні түстен кейін елорданың көшелерінен, жолдарынан, алаңдары мен тротуарларынан 19 мың текше метрден астам қар немесе 1 577 рейс күрелді.
Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 3,3 миллион текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін қар полигондарына 268 459 рейс жасалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу