Елордадан 32 мың текше метрден астам қар шығарылды

580

Қар тазалауға түнгі ауысымда 550-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды. 

Елордадан 32 мың текше метрден астам қар шығарылды Фото: gov.kz

Астанадан бір күнде 32 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“7 наурыздан 8 наурызға қараған түні қала бойынша 550-ден астам жол жұмысшысы мен 700-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Ал 7 наурыз күні қаладан 2,4 мыңға жуық ауыр жүк көлік рейсі арқылы полигондарға 32,2 мың текше метр қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 439,7 мың рейспен 5,9 млн текше метрден астам қар шығарылды”, - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, қар тазалау жұмысына түнгі ауысымда 550-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу