Өткен түнде елордадан 41 мың текше метрден астам қар шығарылды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
20 сәуір күні таңертең елорданың жолдары мен көшелерінен қар мен мұзды 2 300 жол жұмысшысы мен мыңнан астам арнайы техника жинайды.
Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 4,2 млн текше метрден астам қар шығарылды, полигондарға 333 577 рейс жасалды.
Еске сала кетсек, сәуір айының ортасында елордада толассыз қар жауған болатын. Бір апта ішінде жауын-шашын мөлшері айлық нормадан екі есе асып түсті. Осы уақыт ішінде коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.