Елорданың коммуналдық қызметтері барлық бес ауданда қар тазалау жұмысын күшейтілген режимде жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Астанада 1 наурыз күні таңертең қар тазалауға 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні қаладан 31 мың текше метр қар немесе 2,3 мың ауыр жүк рейсі шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 409 мың жүк көлігі арқылы 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды.
Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін тротуарларға, алаңдарға, жолдарға құм-тұз қоспасы себіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу