Елордадан бір түнде 33 мың текше метрден астам қар шығарылды

329

20 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысына 1,3 мыңнан астам арнайы техника мен 2000-ға жуық жол жұмысшы жұмылдырылды. 

Елордадан бір түнде 33 мың текше метрден астам қар шығарылды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Өткен түнде қаладан 2,5 мыңға жуық жүк көлігіне тиелген қар шығарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

19 ақпаннан 20-сына қараған түні қаладан 33 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 2,5 мыңға жуық ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 356 мыңға жуық рейс арқылы 4,8 млн текше метр қар шығарылды.

Айта кетейік, Астанада бірнеше қар полигоны жұмыс істейді. Олардың барлығы самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен, бейнебақылаумен және жарықтандырумен жабдықталған.

Астанада 20 ақпан күні жауын-шашынсыз көшпелі бұлт шығады деп болжанып отыр. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -29-31, күндіз: -17-19 аяз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу