Елордадан Екібастұзға көшкен тағы 19 көпбалалы отбасы баспаналы болды

1067

Қазіргі таңда 25 көпбалалы отбасы Екібастұзға қоныс аудару жөнінде өтініш білдіріпті.

Елордадан Екібастұзға көшкен тағы 19 көпбалалы отбасы баспаналы болды

"Нұрлы Ертіс" пилотты жобасы аясында Елордадан Екібастұзға көшкен тағы 19 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Оларға еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов үш бөлмелі пәтер кілттерін тапсырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігі хабарлады.

"Осы жылдың мамырында Маxметов көшесі, 54/3 мекенжайындағы үйге 35 көпбалалы отбасы қоныстанған болатын. 254 адамдық бұл отбасыларда 154 бала өсіп келеді. Бүгінде он адам жергілікті кәсіпорындар, ПИК-тер мен ауруxаналарға тұрақты жұмысқа орналасқан. Қоныс аударған барлық отбасы Екібастұз қаласында тіркеуге алынды. 8 отбасы мекенжайлық әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген. Қалғандары құжаттарын дайындауда",­­ – деп жазды әлеуметтік желіде әкімнің орынбасары Ерлан Каналимов.

Қазіргі таңда тағы 25 көпбалалы отбасы Екібастұзға қоныс аудару жөнінде өтініш білдіріпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу