Елордадан сушиден 64 адам уланды

603

Ауруханаларға жүгінген 64 науқастың 52-сі ауруханаға жатқызылды. Қалған 12-сі дәрігерге қаралады.

Елордадан сушиден 64 адам уланды

Барлық науқастар жағдайларының нашарлауын Абай көшесіндегі Okadzaki-де жасалған тағамдарды жеуімен байланыстырады. Нәтижесінде, мейрамханаға тексеру жүргізіліп, келесі заң бұзушылықтарды анықтады:

 - кесу жабдықтарын таңбалау, пайдалану және сақтау талаптары сақталмаған;

 - дайын азық-түлік пен шикізатты сақтау кезінде тауарды дұрыс сақтау принципі қарастырылмаған;

 - персоналды жұқпалы ауруларға тексеру журналы жоқ;

 - бүкіл технологиялық процесс бір ас үй бөлмесінде жүзеге асырылады;

 - ас үйдің мәлімделген ауданы нақты ауданына сәйкес келмейді.

 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет 15 адамнан сынама алды. Нәтижелері кейінірек жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу