Елордадан Токиоға әуе рейстері Boeing 767 ұшағымен орындалады

577

Қазақстан мен Жапония әуе компанияларының әр тараптан аптасына 14 рейске дейін орындау мүмкіндігі бар.

Елордадан Токиоға әуе рейстері Boeing 767 ұшағымен орындалады

Азаматтық авиация комитеті "Эйр Астананы" Нұр-Сұлтан – Токио – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейстерді орындауға бекітті. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл ретте, еліміз бен Жапония аралығындағы тікелей рейстерді ашудың құқықтық негізі 2016 жылдың қараша айында қалыптасқанын айта кету керек. Оған сәйкес, Қазақстан мен Жапония әуе компанияларының әр тараптан аптасына 14 рейске дейін орындау мүмкіндігі бар.
2019 жылдың екінші жартысында "Эйр Астана" әуе компаниясы Токиоға тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр. Ұшу жиілігі аптасына 2 рейс Boeing 767 ұшағымен орындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу