Елордаға 145 тонна Ленгір балмұздағын жөнелтеді

870

Елордаға 145 тонна Ленгір балмұздағын жөнелтеді

Төлебилік кәсіпкерлердің тәттісінен енді ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келген шетелдік қонақтар дәм тата алады. Олай дейтініміз, Оңтүстіктен Астана қаласына айына 30-35 тонна балмұздақ жөнелтіледі, деп хабарлайды otyrar.kz.

Жылына 3 мың тонна өнім өндіріп келген кәсіпорын тауарларына биыл едәуір сұраныс артып отыр. Қыркүйек айына дейін елордаға бас-аяғы 145 тонна тәтті жөнелтеміз дейді кәсіпкерлер. Жиырма жылдық тәжірибесі бар серіктестікте бүгінде балмұздақтың 100-ден аса түрі дайындалуда. Көрмені тамашалауға келген жұртшылыққа тәттінің сіз бен біз әлі дәмін татып көрмеген түрлері ұсынылатын болады.

Көрме ұйымдастырушылары таңдауының бұл кәсіпорынға түсуі жайдан-жай емес. Жиырма жылдық тәжірибесі бар серіктестік балмұздақтары тiл үйiрер дәмiмен талайларды тамсандырып үлгерген. Елiмiздiң бiрнеше облысының нарығын жаулаған төлебилiктердің тауарына көршілес Қырғызстаннан да сұраныс бар.

Тәулігіне 10 тоннадан аса өнім дайындауға қуатты кәсіпорында бүгінде 200-ден астам жергілікті тұрғын жұмыс істеп жатыр. Осы маусымда тағы бірнеше бағытты іске қосуды жоспарлап отырған кәсіпкерлер, алдағы уақытта шоколад өнімдерін шығаруды да қолға аламыз дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу