Елордаға 2 мың тәліп келеді – жалған ақпарат

2028

Нұр-Сұлтан қаласының комендатурасы елордаға "2 мың тәліп келеді" деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы stopfake.kz-ке сілтеме жасап.  

Елордаға 2 мың тәліп келеді – жалған ақпарат

Осыған дейін әлеуметтік желілерде "Нұр-Сұлтанға тәліптер келе жатыр" деген ақпарат тараған болатын.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Арандатушылыққа бой алдырмаңыздар, дүрбелең тудырмаңыздар. Тек ресми ақпаратқа ғана сеніңіздер. Төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Елордадағы ахуал толық бақылауда, - деп жазылған Нұр-Сұлтан қаласы комендатурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу