Елордаға Арыс қаласынан 200 бала келді

1111

"Биылғы жазда Арыс қаласынан мыңға жуық баланы қабылдаймыз",– дейді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Елордаға Арыс қаласынан 200 бала келді

Бүгін таңертең Нұр-Сұлтанға Арыс қаласынан зардап шеккен 200 бала келді. Елорда вокзалында балаларды қала әкімі Алтай Көлгінов қарсы алды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ɵз сɵзiнде əкiм оларды елорданың көрікті жерлеріне кɵңiлдi экскурсиялар, концерттік және цирк бағдарламалары, танымал адамдармен қызықты кездесулер күтіп тұрғанын атап өтті.

"Біз Арыс қаласынан зардап шеккен 200 баланы қарсы алдық. 5-7 сынып оқушылары мұғалімдермен бірге келді. Олар елордада екі апта бойы болады. Бұл бірінші топ, ал биылғы жазда Арыс қаласынан 1 мыңға жуық баланы қабылдаймыз",– деді Алтай Көлгінов.

Өз қатарластарын белгілі әнші Ержан Мақсым құттықтады. Ол қонақтарға кɵңiлдi демалыс тіледі. Оқушылар 20 ұстазбен бірге келді. Елордада олар Оқушылар сарайы, Нұр-Әлем сферасы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Ұлттық мұражай, "Астана-Бәйтерек" монументі, "Астана-Опера", Тұңғыш Президент мұражайы, "Атамекен" этно-мемориалдық кешені, "Алау" мұз айдыны, "Сары-Арқа", "Барыс Арена", "Астана-Арена" спорт кешендері және т.б. сияқты қаланың көрікті жерлерін аралайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу