Елордаға COVID-19 пен пневмонияны емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

985

Қалаға жүк ұшағымен 600 мыңнан астам дәрі-дәрмек қаптамасын әкелген.

Елордаға COVID-19 пен пневмонияны емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Нұр-Сұлтан қаласына жүк ұшағымен COVID-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеуге қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілгенін мәлім етті.

"Алғашқы жөнелтілім кезінде қалаға 600 мыңнан астам дәрі-дәрмек қаптамасы жүк ұшағымен жеткізілді. Келіп түскен тауарлардың тізімінде дәрі-дәрмектің 350-ге жуық түрі бар. Мысалы, ксарелто, цефтриаксон, клексан, азитромицин, дексаметазон, метилпреднизолон, ибупрофен, нимесулид, кардиомагнил, левофлоксацин, метронидазол, гепарин, нимесулид, ибуфен, парацетамол, офлоксацин – және т.б. Ірі дәріхана желілеріне жеткізу ертең басталады. Сонымен қатар, жақында жүк көліктерімен тағы дәрі-дәрмек жеткізіледі деп күтілуде", – делінген таратылғн хабарламада. 

Елорда әкімі Алтай Көлгінов дәріхана желілерінің дистрибьюторларымен, фармацевтикалық компаниялар мен дәріханалардың өкілдерімен келіссөздер өткізген. 

"Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, әкімдік дәрі-дәрмектерді сатып алу мен әкелу рәсімдерін жеңілдету, логистика бойынша қолдау көрсетеді. Уақытылы ақпарат алу үшін елорда әкімдігі covid19.astana.kz/ru парақшасын ашты, онда сіз коронавирус инфекциясы туралы ресми мәліметтерді, оның ішінде дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын біле аласыз", – дейді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті.

Сондай-ақ, жақында 200 өкпені жасанды желдету құрылғысы, 500 флуометр, 500 оттегі концентраторы және екі компьютерлік томограф жеткізілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу