Елордаға FlyArystan әуе компаниясының алғашқы рейсі ұшып келді

1762

Қазақстандағы алғашқы лоукостер – FlyArystan әуе компаниясы ең бірінші рейсін орындады.

Елордаға FlyArystan әуе компаниясының алғашқы рейсі ұшып келді

Бүгін компания ұшағы Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып келді, деп хабарлайды азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

"Қазақстанның ішкі бағыттарымен қатар, халықаралық бағыттарда да жолаушылар тасымалының айтарлықтай өсуін күтіп отырмыз. Өйткені, уақыт өте келе, біз басқа елдерге де ұшуды жоспарлап отырмыз. Оған дейін бүкіл Қазақстан бойынша қолжетімді рейстерді ұсынуға дайынбыз және  FlyArystan аймақтық экономиканың дамуына елеулі үлес қосатынына сенеміз",– деді "Эйр Астана" авиакомпаниясының президенті Питер Фостер бюджеттік авиакомпанияны іске қосу рәсімінде.

Еске сала кетсек, өткен жылы 2 қарашада мемлекет басшысы инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті, "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі Ричард Эвансты және "Эйр Астана" әуе компаниясының президенті Питер Фостерді қабылдаған болатын. Кездесу соңында мемлекет басшысы "Эйр Астана" базасында бюджеттік әуе компаниясын құруды тапсырды.

Осылайша құрылған FlyArystan 2019 жылдың 29 ​​наурызынан бастап коммерциялық рейстерге билеттер сатылымын бастады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу