Бүгіннен бастап Астанада жаппай тіркеу құжаты тексеріле бастайды. "Құқықтық тәртіптік" жедел тобына міндеттелген жұмыс 31 мамырға дейін жалғасуы тиіс. Сөйтіп, тәртіп сақшылары мегаполиске кіріп-шыққандардың барлығының да төлқұжаты мен уақытша тіркеу анықтамасын тексеруге міндет алған.
Тіпті бұл талап шетелдіктерге де қатысты. Тіркеуі жоқтарға әкімшілік жаза қатаң. Әсіресе, полиция "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі қарсаңында сақтықты күштейтуге кіріскен. Еске салсақ, астаналықтарды жаппай тіркеуге тұрғызу науқаны ақпан айында басталған еді. Қажет болса, сақшылар үй-үйді аралап, тіркеу сұрауға ерік берілген.
Автор: Еркін Шәкірұлы
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу