Қазіргі таңда елордадағы қатты отынның жалпы қоры 12585 тоннаны құрайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
29 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін елордаға 72 вагон немесе 5038 тонна көмір жеткізілді. Оның 34 вагоны немесе 2407 тоннасы – "Шұбаркөл", 21 вагоны немесе 1457 тоннасы – "Қаражыра", 14 вагоны немесе 967 тоннасы – "Майкөбе", 3 вагоны немесе 207 тоннасы – "Кузнецкий" маркалы көмір.
"Шұбаркөл" көмірінің тоннасы – 11400 теңгеден, "Қаражыра" көмірі – 13200 теңгеден, "Майкөбе" көмірі – 12500 теңгеден, "Богатырь көмірі" – 9500 теңгеден, "Кузнецкий" көмірі – 12500 теңгеден сатылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу