Елордаға Sinopharm вакцинасы жеткізілді

1103

Коронавирусқа қарсы вакцина қаладағы емханаларға, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріне беріледі.

Елордаға Sinopharm вакцинасы жеткізілді

Нұр-Сұлтанға Қытайдың Sinopharm екпесі жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"ДДСҰ мақұлдаған екпелер вакцинация пункттеріне жеткізілгеннен кейін пайдаланылады. Алдымен вакцина медициналық ұйымдарға қарасты егу пункттеріне жеткізіледі. СОО, СҮ жанындағы әрбір пунктке БМСК ұйымдары бекітілген. Олар вакцинаны алғаннан кейін бір тәулікте сауда орталықтарының егу пункттеріне жеткізеді", – деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Басқарма тұрғындарға екпені толық алуға кеңес берді. 

"Тұрғындардан вакцинаның екі компонентін де бір пунктен алуды сұраймыз. Яғни бірінші дозаны емханадан немесе сауда орталығынан алсаңыз, екіншісін де сол жерден алу керек", деді басқарма қызметкерлері.

Бүгінде елордада вакцинаның 3 түрі бар: ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және Sinopharm. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу