Кештің арнайы қонағы Қазақстанды Еуропадағы танытып жүрген өнер шебері, Katarina Gurska (Мадрид) жоғары музыка мектебінің профессоры, скрипкашы - Ержан Кулибаев қатысады. Сондай-ақ, "Тұран" этно-фольклорлық ансамблі арнайы шақырылып отыр. Концерт Т.Әбдірашев атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қанат Омаровтың жетекшілігімен өтеді.
Елордалық көрермендерге Я.Сибелиустің оркестр мен скрипкаға арналған ре минор концерті, С.Рахманиновтың екінші симфониясы және композитор А.Райымқұлованың "Дала сыры" симфониялық поэмасы ұсынылатын болады. "Дала сыры" шығармасын симфониялық оркестр "Тұран" ансамблімен бірлесе орындап, екі түрлі бағыттың синтезін ұсынады.
Гастрольдік концертті Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" Мемлекеттік концерттік ұйымымен бірлесе Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ұйымдастырып отыр.