Елордаға тартылған инвестиция 1 триллион 100 миллиард теңгеден асты – Көлгінов

835

Елорданың экономикалық драйвері – құрылыс.

Елордаға тартылған инвестиция 1 триллион 100 миллиард теңгеден асты – Көлгінов

Нұр-Сұлтанды дамытуға тартылған инвестиция 1 триллион 100 миллиард теңгеден асты. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Инвестицияның көлемі 1 триллион 100 миллиард теңгеден асты. 2019 жылмен салыстырғанда бұл 200 миллиард теңгеге артық немесе 21%-ға көп. Ал құрылысқа 574 миллиард теңге бөлінді", - деді ол халыққа есеп беру кездеуінде.

Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы кезінде қалада шағын және орта бизнес субъектілері 11 мыңға көбейген.

"Нәтижесінде 1 триллион теңгеге өнім өндірілді", - дейді Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, елорда әкімі Нұр-Сұлтанның экономикалық драйвері құрылыс саласы екенін атап өтті.

"Коронавирус пандемиясы кезіндегі шектеулерге қарамастан 3 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2019 жылдың көрсеткішімен салыстырсақ, бұл 1 миллион 300 мың шаршы метрге көп. Біріншіден, бұл экономикаға оң серпінін тигізді: салық төленді, көптеген адам жұмысқа орналасты. Нәтижесінде мыңдаған тұрғын жеке баспанасына ие болды", - деп түйіндеді сөзін ол. 

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу