Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына өткен тәулікте 789 адам ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанға 7 ұшақ келіп қонды. Әуе рейстерін Air Astana, Turkish Airlines және Flydubai әуе компаниялары орындады. Экипажды қосқанда жалпы 789 жолаушы ұшып келді. Олардың ішінде 150 адамда ПТР-тест анықтамасы болған жоқ. Осы себепті олар карантин стационарына жеткізілді. Егер аталған адамдарда коронавирус анықталмаса – үйіне қайтады, анықталса – инфекциялық стационарға жатқызылады", – деп хабарлайды Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы.
Айта кетейік, күн сайын елордаға шетелден ұшып келген 100-ден аса жолаушы карантин стационарына жатқызылуда. Күні кеше астанаға 569 адам ұшып келіп, ПТР-тест анықтамасы болмағандықтан оның ішінде 118-і карантинге жатқызылған еді.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мемлекеттік органдармен бірге коронавирус инфекциясының алдын алу үшін нақты шаралар кешенін жүзеге асыруда.