Елордаға жақын тас жолда ондаған көлік соқтығысты

1133

Абырай болғанда, қаза болғандар жоқ.  

Елордаға жақын тас жолда ондаған көлік соқтығысты

Бірінші апат 2020 жылғы 13-ақпанда шамамен 15:00-де "Щучинск-Нұр-Сұлтан" бағытында болды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол"

Нұр-Сұлтан бағытындағы 36-шақырымда 20-ға жуық автокөлік өзара соғылды. Қазіргі сәтте оқиға орнында 8 автокөлік қалған, қалғандары сапарларын жалғастырды. Қарсы бағытта, 37-шақырымда 16 автокөлік өзара соғылды. Мұнда 5 адам жарақат алған. Оның ішінде 2-жасар бала да бар. Бүлдіршінді жедел жәрдем, ал жарақат алған ересек азаматтарды жеңіл автокөліктер ауруханаға жеткізді. Аталмыш учаскеде 9 арнайы техника (3 құрамдастырылған жол машинасы, 3 тиегіш, 2 автогрейдер мен 1 экскаватор) жұмыс жасауда.

Үшінші жол-көлік оқиғасы "Нұр-Сұлтан-Теміртау" автожолының 1408 шақырымында сағат 16:00 маңында болды. Шоқай елді мекенінің қасында болған апатта 15 көлік өзара соғылды. Оның ішінде 3-жүк машинасы, 2-газель, 10-жеңіл көлік. Бұл учаскеде 9 арнайы техника (2 құрамдастырылған жол машинасы, 3 тиегіш және 4 автогрейдер) жұмыс жасауда.

Барлық апаттар  көру қашықтығы күрт төмендеген локалды аймақтарда болды . Жол-көлік оқиғалары болған сәтте көк тайғақ болған жоқ. Көру қашықтығы төмен болғандықтан, сағат 16:00-де екі ақылы учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу