Елордалық 108 ұйым Ashyq жобасының көшбасшылар тізіміне енді

846

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі "Ashyq" көшбасшыларының" тізімін жариялады. Екі апталық статус ұйымдар үшін қосымша жеңілдіктер береді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордалық 108 ұйым Ashyq жобасының көшбасшылар тізіміне енді

Көшбасшылар тізіміне әуежай, вокзалдардан бастап сауда нүктелеріне дейін 108 ұйым кірді.

Айта кетейік, "Ashyq көшбасшылары" статусын беру үшін жоба қатысушыларының тізімін әкімдік жасақтайды. Олар жобаға қатысатын нысандарда (2 апталық кезеңде) QR-код (check-in) арқылы келушілерді тіркеу саны бойынша мәліметтерге сәйкес іріктеледі.

"Ashyq көшбасшысы" мәртебесін алған жобаға қатысушы "қызыл" аймақта "сары" аймақтың, "сары" аймақта "жасыл" аймақтың шарттары бойынша жұмыс істей алады, "жасыл" және "қою қызыл" аймақтардағы жобаға қатысушылардың жұмыс режимі қосымша 2 сағатқа ұзартылады, сондай-ақ нысанның толтырылуы 10%-ға артады. Егерде медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай көлемінде ауырып, жазылған адамдарды қоспағанда қызметкерлердің кемінде 90%-ы вакцинаның бірінші компонентін алса, нысанның толтырылуы 20%-ға артады.

Бүгінгі таңда Ashyq жобасына 10 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі кірді.

Естеріңізге сала кетейік, жобаға қатысушылар барлық санитарлық нормаларды сақтауы тиіс. Егерде бұзушылықтар анықталса олар тізімнен шығарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу