Елордалық 6 оқушы коронавирус жұқтырған

784

 Мектеп мұғалімдері арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелмеген. 

Елордалық 6 оқушы коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Піралиева баспасөз мәслихаты кезінде қала мектептерінде оқитын 6 бала COVID-19 індетін жұқтырғанын айтты.

"Биылғы оқу жылында 6 қыркүйек күні оқушылар арасында 6 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Олардың біреуі мектепке барып жүрген. Қалған індет жұқтырған бес бала қашықтан оқыған. Бұл жағдай бойынша, балалармен қарым-қатынас жасаған 19 адам тексерілді. Олардың алтауы мұғалім, он үші оқушы. Тексерілгендерден ауару белгісі табылған жоқ. Мектепте залалсыздандыру шаралары жүргізілді. Балалар мен мұғалімдер үй карантинінде оқшауланды. Ал қазір барлығы сабақтарына қайта кірісті", – деді Жанна Піралиева.

Айта кетсек, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер мәліметінше, мектеп мұғалімдері арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелмеген.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу