Елордалық әйел танысының атынан алаяқтық жолмен несие ресімдеген

187

Әйел ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындаған.

Елордалық әйел танысының атынан алаяқтық жолмен несие ресімдеген

Астана тұрғыны полицияға алаяқтық фактісі бойынша арызбен жүгінген. Ер адамның айтуынша, оның танысы алдап атынан несие алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы ауданы ПБ полиция қызметкерлері Құқықтық тәртіп жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 43 жастағы әйелді анықтады, ол уақытша пайдалана тұру сылтауымен телефонды ер адамнан сұрап алған. Содан кейін банктің мобильді қосымшасының көмегімен ол 475 мың теңге сомаға несие ресімдеген.

Жәбірленуші алаяқтық фактісін несиені кешіктіру туралы хабарлама келген кезде анықтаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ әйелдің бұрын ұрлық пен алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылғаны анықталды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу