Елордалық әуежайда ұшу-қону жолағын жөндеу аяқталды

546

Жөндеу жұмыстары 8 тамызға дейін жоспарланған болатын.

Елордалық әуежайда ұшу-қону жолағын жөндеу аяқталды

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ҰҚЖ жөндеу аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz әуежай сайтына сілтеме жасап.

"Құрылыс-жөндеу жұмыстары 15 шілдеден 04 тамызға дейін (сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін) жүргізілді. Барлығы 22 000 шаршы метрден астам асфальт-бетон жабыны жөнделді. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көрсетілген жөндеу жыл сайын жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешімді әуежай осы жылдың ақпан айында қабылдады, содан кейін осы жұмыстардың кестесі туралы ақпарат әуекомпанияларға уақытылы жіберілді. Әуе тасымалдаушылар әуежайдан алынған хабарлама негізінде рейстер кестесіне өзгерістер енгізді", – деп жазылған хабарламада.

Қалалық әуежайдың ҰҚЖ-дағы жөндеу жұмыстарының аяқталғаны туралы әуекомпаниялар жұмыс тәртібінде хабардар етіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу