Елордалық автопарктің жұмысшыларға қарызы өндірілді

743

Астанадағы "№2-ші автобус паркі" өз жұмысшыларына жалақы төлемей келіпті. Мұны Астана қаласының прокуратурасы анықтады.

Елордалық автопарктің жұмысшыларға қарызы өндірілді

"Астана қаласының прокуратура органдары өзінің қадағалау қызметі барысында халықпен кері байланысты жолға қоюға айрықша көңіл бөлуде. Оның пәнменді тәсілдерінің бірі – елорда тұрғындарымен кездесу болып табылады. Бұл кездесулер жүйелі негізде жүргізілуде", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Түйткілді мәселелер де соның барысында мәлім болған. Атап айтқанда, астаналық автопарктердің бірі жалақы төлемей жатқаны мәлім болыпты.

"Мұндай факт "№2-ші автобус паркі" ЖШС-не қатысты әшкереленді. Нәтижесінде, ден қою шаралары арқасында 128 жұмысшының еңбек құқықтары қалпына келтірілді. Оларға 12 миллион теңге көлемінде жалақы төлеттірілді. Айыпты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп баяндады қалалық прокуратура. 

Бірқатар деректер бойынша бұл автобус паркі елордадағы барлық бағыттардың жалпы санының шамамен 30%-ына ие көрінеді. Ол тек қалалық ішкі тасымалмен ғана емес, сондай-ақ Қазақстан бойынша қалааралық тасымалмен де айналысады. Бұған қоса, оған ие компания халыққа және ұйымдарға ақылы қызмет көрсетеді.

Қалалық прокуратура "Байқоңыр" ауданындағы кездесуде келесі бір ұйымда жалақының ірі қарызы қордаланғанын білген.

"Атап айтқанда, құрылыспен айналысатын кәсіпорынның адал емес қожайыны 54 жұмысшысымен еңбек шарттарын бекітпеген және оларға ұзақ уақыт бойы жалақы төлемеген. Байқоңыр ауданының прокуратурасының талабы бойынша компания тиісті келісімшарттарға отырды және 3,5 миллион теңге көлемінде жалақы қарызын өтеді", – деп ақпарат берді қалалық прокуратура.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу