Астанада бассейндердің бірінде суға батқан баланы әйел адам аман алып қалды

636

Суға батқан баланың өмірін сақтап қалған әйел полиция қызметкері болып шықты. 

Астанада бассейндердің бірінде суға батқан баланы әйел адам аман алып қалды Фото: polisia.kz

Бала өмірін құтқару сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Суда ес-түссіз жатқан баланы құтқарушы қыз шығарып алды. Кейін оны ер адам жерге көтеріп жатқызады. Сол сәтте көмекке демалушы әйелдердің бірі келеді. Ол шебер қимылдармен жүрек-өкпе реанимациясын жасап, баланың тынысын қайтарды.

Жедел жәрдем қызметі келгеннен кейін бассейн қызметкерлері баланы дәрігерлерге тапсырды. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Ата-анасы баланы құтқаруға қатысқандардың барлығына алғыстарын білдірді.

Белгілі болғандай, алғашқы медициналық көмек көрсеткен әйелдің есімі Назым Шәріпова. Ол “Есіл” ауданының полиция басқармасында анықтаушы болып жұмыс істейді. Сол күні полицей әйел отбасымен бірге демалыста болған. Ол құтқару кезінде балаға зақым келтірмеу үшін ерекше сақтықпен қимылдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу