Елордалық білім басқармасының басшысы заң бұзған адамды жұмысқа қабылдаған

620

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен азамат Ш. Сейсенбай бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлықар қарсы іс-қимыл агенттігі.  

Елордалық білім басқармасының басшысы заң бұзған адамды жұмысқа қабылдаған

Баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, әкімшілік іс жүргізу материалдарын қарау барысында Ш. Сейсенбайдың Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің елордалық білім басқармасының басшысы лауазымын атқара отырып, балабақша меңгерушісі лауазымына бұрын ҚР ҚК 176-б. 3 б. "б", "г" т. және ҚР ҚК 317-б. 1-б. (1997 жылғы редакциясында) сотталған қызметкерді қабылдады.

ҚР Еңбек кодексінде көзделген нормаларға сәйкес, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне басшылық лауазымға орналастыруға жол берілмейді.

Сонымен қатар 2020 жылғы қазанда еңбек заңнамасына енгізілген түзетулерге сәйкес бұл шектеу квазимемлекеттік сектордағы қатардағы лауазымдарға қолданылады.

"Биылғы жылдың басынан бері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің астаналық департаменті тарапынан 8 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды, олардың 5-і мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға теңестірілген тұлғалар болып табылады. Өндіріп алынған айыппұлдар сомасы 2,1 млн теңгені құрады", – делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу