Астанада бойжеткен пәтерді жалға алып, ішіндегі дүниелерді сатып жіберген

2841

Бойжеткен пәтер иесінің сеніміне әбден кірген. 

Астанада бойжеткен пәтерді жалға алып, ішіндегі дүниелерді сатып жіберген Фото: homsters.kz

25 жастағы қыз Астананың Алматы ауданында пәтер жалға алып, пәтер ақысын төлеуге ақшасы таусылған соң үй иесін тонауға бел буған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қыз заттарды ломбардқа өткізіп жіберіпті. 

Жәбірленушінің айтуынша, ол 6 ай пәтер жалдаған, 4 ай пәтер ақысын уақытылы төлеген, кейін қаржылық қиындықтар басталған екен. Сондықтан үй иесі пәтер ақысын кейін төлеуге уақытша рұқсат берген.

Бойжеткен пәтер иесінің сенімін пайдаланып, ондағы теледидар мен үтікті ломбардқа өткізген. Осыдан кейін ол байланысын үзген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу