Елордалық боксшы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

164

Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елордалық боксшы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды Фото: gov.kz

Бұл – World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өткізілетін алғашқы құрлықтық біріншілік. 

Аталған жарыста елордалық былғары қолғап шебері Ақбота Есімбекова жүлделі орыннан көрінді. Жартылай финалда Ақбота Жапония елінің өкілі Аринда Акимотамен жұдырықтасып, қола медаль иеленді.

Сонымен қатар осы турнирде 90 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан тағы бір елордалық спортшы – Темірлан Мұқатаев жарқын жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Ол Оңтүстік Кореялық Ячан Мунды мерзімінен бұрын айқын басымдықпен жеңді. Темірланның финалдық жекпе-жегі 11 тамыз күні өтеді.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионатына 26 елден 400-ге жуық спортшы қатысуда. Турнир 11 тамызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу