Елордалық Ботаникалық бақта "Кемпинг" ұйымдастырылды

155

"Кемпингке" қатысушылар GetFit фитнес-студиясының кәсіби жаттықтырушысының жетекшілігімен ашық ауада бірлескен йога сабақтарын өткізді. 

Елордалық Ботаникалық бақта "Кемпинг" ұйымдастырылды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Funny Sport жобасы аясында Астанадағы Ботаникалық бақта "Кемпинг" - спорттық-мәдени бағдарламасы бар іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ танымал музыкант Бонапарттың және дарынды DJ-дің арнайы музыкалық қойылымдары ұйымдастырылды, олар елорда тұрғындары мен қонақтары үшін үйлесімді атмосфера құрды.

"Кемпингке көптеген адамдар қатысты, менің ойымша, бұл жақсы орынға, сондай-ақ алғашқы минуттардан бастап барлығының көңілін көтерген жүргізушілер бағдарламасына байланысты және бірнеше сағат ішінде іс-шараға қатысқандардың бәрі позитивті көңіл күйде болды. Атмосфера керемет, мен үшін бұл жаздың ең ұмытылмас оқиғаларының бірі болды", - деп бөлісті кемпинг мүшесі Зейнеп Камалова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекеге елорданың 100-ден астам тұрғыны келген.

"Біздің басты міндетіміз ашық алаңдағы спорт бұл жағымды әрі қажетті екенін көрсету болды. Іс-шараға еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгі әртүрлі жастағы адамдар жиналды. Кәсіби жаттықтырушының жетекшілігімен барлығы әртүрлі йога жаттығуларымен айналысып, соңында әйгілі Bonapart әртісінің өнерін тамашалады", - деді кемпинг жобасының менеджері Сема Акакулова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу