Елордалық дәрігерлерге сыйақы беріледі

1130

Карантин режимі жағдайында жұмыс істеп жатқан елордалық дәрігерлерге сыйақы берілетін болды.

Елордалық дәрігерлерге сыйақы беріледі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен коронавируспен күресіп жатқан медицина мамандарын қолдау шаралары туралы ақпарат берді.

"Елорда медициналық қызметкерлері үшін тиісті қонақ үй мен көлік берілді. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласының стационарларында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен тікелей жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға жағдай жасау үшін қонақүйлер бөлінді. Қалалық штаб ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, CTS компаниясы 50-ден астам көлік берді. Қаланың емханалары мен ауруханаларында жұмыс істейтін мамандар үшін де тиісті арнайы көлік ұйымдастырылған. Бұл қызметтердің барлығы тегін. Президенттің тапсырмасы бойынша жоғары жүктемемен жұмыс істейтін барлық медициналық қызметкерлер үшін қаржылық қолдау пакеті  бекітілгенін хабарладық. Сол бастаманы біз қолға алып, бүгіннен бастап барлық біздің медицина мекемелерінде  істейтін жұмыскерлерге тиісті сыйақы беріледі", – деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу