Елордалық дүкендердің бірінде жанжал шықты

1510

Мас адам елордалық дүкенде жанжал шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Астана қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық дүкендердің бірінде жанжал шықты Фото: Астана қаласының әкімдігі

Ақпан айының басында түскі ас кезінде 42 жастағы ер адам мас күйінде Кравцов көшесіндегі дүкендердің біріне кіріп, сатушымен жанжал шығарған. Жанжал кезінде ол дүкеннің мүлкіне зиян келтірді. Соттың шешімімен ол жеті күнге қамауға алынды.

Тағы бірде елорданың 25 жастағы тұрғыны Мәңгілік Ел даңғылындағы қоғамдық орында дәретке отырған. Оған айыппұл салынды.

Кешкі уақытта Алаш тас жолындағы қалалық дәмханалардың бірінің жанында 29 жастағы мас адам қызметтік көліктің алдыңғы айнасын сындырды. Ол 15 күнге қамауға алынады.

Қоғамдық тәртіпті бұзушыларды, басқалардың мүлкіне қол сұғатын және адамдар көп жиналатын жерлерде тәртіп бұзатын вандалдарды анықтау және жазалау жалғасуда.

.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу