Елордалық емханада "Ана жүрегі" акциясы өтті

569

Бұл дәстүрлі іс-шара 10 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Акция ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған. 

Елордалық емханада "Ана жүрегі" акциясы өтті Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанадағы №6 қалалық емханада "Ана жүрегі" акциясы өтті, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық балалар күні қарсаңында №6 қалалық емхана қызметкерлері бүлдіршіндерге ерекше мереке сыйлады. Ал аналар мамандарға кезексіз қаралып, балаларға оңалту және дамыту бойынша түзету сабақтары ұйымдастырылды.

"Жыл сайын осы концертке қатысамыз. Мамандардан өтуге әдетте кезек көбірек, ал бұл күні кезексіз өтеміз. Балаларымыздың да көңіл-күйі көтеріліп қалады, бізге де бірден барлық салалық дәрігерлерге қаралуға мүмкіндік туады", - дейді Қаламқас есімді қала тұрғыны.

Акцияға қатысушыларға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, себебі ең маңыздысы - балаларға қуаныш сыйлау.

"Медициналық тексерістен өту үшін тіркеуде болу міндетті емес. Ерекше күтімді қажет ететін баласы бар аналарға жылына 2 рет осындай шара ұйымдастырамыз. Балаларға терапия бөлімі жұмыс істейді. Аналар амбулаторлық тексерістен өтіп, қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылданады", - деді емхананың бас дәрігері Динара Байсеркина.

Айта кетейік, елордалық медициналық ұйымдарда мерекеге орай Ашық есік күні ұйымдастырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу