Қант диабетін адамның тыныс алуы арқылы білуге болады. Елордалық ғалым күрделі дертті ерте анықтаудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Аманжол Тұрлыбекұлы бұл ғылыми жоба жылдың соңына қарай аяқталады деп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Аманжол Тұрлыбектің айтуынша, диабетке шалдыққан азаматтардың ас қорыту жүйесі бұзылады. Тиісті гармондар бөлінбейді. Салдарынан адамның дем алысы өзгереді, аузынан ацетон иісі шығады. Ал осы екі ерекшелік арқылы құрылғы диабеттің бар-жоғын анықтайды. Ғылыми жоба ойдағыдай аяқталса, смарт сағаттар арқылы қолдануға болады.
"Менің жоспарлауым бойынша бұл құрал барлық адамдарға қолдануға болатын болады, себебі қан талдамасын жүргізу және де басқа медициналық талдау қажет болмайды тек дем арқылы ғана. Құралды әзірлеу осы 2024 жылдың аяғына дейін жоспарланған", - дейді ғалым Аманжол Тұрлыбекұлы.