Елордалық гимнаст Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

224

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Елордалық гимнаст Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды Фото: gov.kz

Астаналық спортшы Аида Бауыржанова Ташкентте өткен спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аида Бауыржанова еден жаттығуларының финалында үшінші нәтиже көрсетті. Астаналық спортшының өнеріне төрешілер 13.066 ұпай берді.

Турнирде Эмма Малабуйо (Филиппин) жеңіске жетті (13.300). Күміс медальді қытайлық Синю Чен жеңіп алды (13.133).

Айта кетсек, бұған дейін Аида Бауыржанова көпсайыста төртінші орынға тұрақтап, олимпиадалық квотаны жеңіп алуға сәл қалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу